Республикалық «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» атты байқауда жеңімпаз атанды.
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» РАББ бағдарламасының идеяларын жүзеге асыру бойынша озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату, өзін-өзі тану педагогтері еңбегінің беделін қолдау және арттыру мақсатында 2021 жылдың 6-7 қарашасы күндері өткен республикалық «Үздік өзін-өзі тану мұғалімі» атты байқауының қорытындысы бойынша Тараз қаласы, №2 орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Спатова Айнар Амангелдіқызы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Спатова Айнар Амангелдіқызы байқаудың үш кезеңінде де «Өзін-өзі тану» пәні сабақтарындағы өзінің педагогикалық идеялары мен инновациялары, цифрлық ресурстарды пайдалана білуі мен әр түрлі жанрдағы конструктивті келісілген білім беру контентін жасау дағдыларымен ерекшеленді.
Педагогті жеңісімен құттықтаймыз!