28
тамыз
2025
28 тамыз күні «Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.
28 тамыз күні «Білім беру ұйымдарының 2025–2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен басымдықтары» тақырыбында педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.
Педагогикалық кеңеске Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының өкілі Жансая Айлауова қатысты.
Кеңес мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінің бейнеролик көрсетілімімен басталды.
Кеңестің мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруда бірыңғай көзқарас қалыптастыру және педагогикалық ұжымдардың жаңа оқу жылындағы негізгі міндеттерін айқындау.
Жиын барысында келесі маңызды мәселелер талқыланды:
• әдістемелік-нұсқау хаттың түсіндірмесі;
• оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері;
• «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы;
• білім сапасын қамтамасыз ету;
• жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу;
• педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуы;
• 2025–2026 оқу жылына арналған өндірістік және әдістемелік жоспарлар.
2025–2026 оқу жылы – сапалы білім мен тәрбиенің, цифрлық мүмкіндіктер мен адамгершілік құндылықтардың үйлесімі болмақ!


