16
қаңтар
2025
Мектептегі «Ата-ананы қолдау орталығының сабақтарына» ата-аналардың белсенді түрде қатысуы – бұл мектеп пен отбасы арасындағы сенімді қарым-қатынастың көрсеткіші.
Мектептегі «Ата-ананы қолдау орталығының сабақтарына» ата-аналардың белсенді түрде қатысуы – бұл мектеп пен отбасы арасындағы сенімді қарым-қатынастың көрсеткіші. Сабақтарға қатысу арқылы ата-аналар балаларының тәрбиесі мен дамуына жауапкершілікпен қарап, мектеп өміріне тікелей атсалысады.
• Сабақтар барысында ата-аналар білім беру бағдарламалары мен тәрбиелік әдістер туралы ақпарат алады.
• Ата-аналар мектептің тәрбие және білім беру мақсаттарын жақсы түсінеді.
• Ата-аналар баланың эмоционалдық және әлеуметтік дамуын жақсартуға қажетті әдістерді меңгереді.
• Баланың жеке ерекшеліктеріне сәйкес тиімді тәрбие беру жолдарын үйренеді.
Сабақтың нәтижесінде: Ата-аналардың оқу процесіне көзқарасы жақсарады, балалардың үлгерімін арттыруға көмектеседі. Отбасындағы қолдау мен түсіністік деңгейі артады.