10
қараша
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ! Конкурс жариялайды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің No2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі білім беру ұйымы педагогінің бос лауазымына тағайындау конкурсын жариялайды.
1. Орналасқан жері: 080012, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза көшесі 30. Байланыс телефоны: 8 7023797704, 8 7766118640e-mail: tarazsh2@mail.kz.
2. Бос лауазым атауы: Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. Жүктемесі: 1 бірлік.
Лауазымы: Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. Лауазымдық жалақысы: 120 000 теңгеден бастап (еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты). Лауазымдық міндеттері:
Білім беру ұйымындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды және басқаруды қамтамасыз етеді; оқу-тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды жүзеге асырады; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының орындалуын бақылайды; білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды ұйымдастырады.
Педагогтердің оқу жүктемесін бөлуге, сабақ кестесін жасауға және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға қатысады; мұғалімдердің күнтізбелік-тақырыптық және қысқа мерзімді жоспарларының жүргізілуін бақылайды; сабақтарға қатысады, олардың сапасына талдау жасайды және педагогтерге әдістемелік көмек көрсетеді. Білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді; білім сапасы мен үлгерім көрсеткіштерін талдайды; білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; бөлім бойынша және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың жүргізілуін, қорытынды аттестаттауға дайындықты бақылайды.Электрондық журналдардың уақтылы және дұрыс толтырылуын, білім алушылардың сабаққа қатысуын, ағымдағы және қорытынды бағалардың қойылуын бақылайды; оқу процесіне қатысты құжаттаманың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз етеді.Педагогикалық кеңестердің, әдістемелік бірлестіктердің жұмысын ұйымдастыруға қатысады; педагогтердің кәсіби дамуына, біліктілігін арттыруына және аттестаттаудан өтуіне жағдай жасайды; педагогтердің озық тәжірибесін зерделеу және тарату жұмыстарын үйлестіреді.
Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қатысады; үйде оқытылатын білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыруды бақылайды. Білім беру процесіне заманауи педагогикалық технологияларды, цифрлық білім беру ресурстарын және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді; білім алушылардың олимпиадаларға, ғылыми жобаларға, зияткерлік конкурстарға қатысуын ұйымдастырады. Ата-аналармен, сынып жетекшілерімен, педагог-психологтармен және әлеуметтік педагогтермен өзара іс-қимыл жасайды; білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына ықпал етеді; оқу-тәрбие процесінде қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды. Білім беру ұйымының оқу қызметіне қатысты есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы дайындалуын қамтамасыз етеді; білім беру саласындағы ақпараттық жүйелерге енгізілетін мәліметтердің дұрыстығын бақылайды; басшылықтың тапсырмаларын өз құзыреті шегінде орындайды.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары және білім беру саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілер;мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары; білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау қағидалары; педагогтерді аттестаттау тәртібі; педагогика, психология және білім беру менеджментінің негіздері; педагогикалық этика нормалары;оқу-тәрбие процесін жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау әдістері; цифрлық білім беру технологиялары; еңбек заңнамасының негіздері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
3. Біліктілікке қойылатын талаптар: Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл; және (немесе) білім беру ұйымының «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары», «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары», «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» біліктілік санатының болуы не «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші» немесе «педагог-шебер» біліктілік санатының болуы.
4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.11.2026 ж. – 11.11..2026 ж.
Конкурстық комиссияның қорытынды отырысы: 23.01.2026 ж. сағат 10.00
5. Қажетті құжаттар тізбесі:
1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік
санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Осы хабарландырудың 5-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табыла.