Қызға қырық үйден тыйым » СШ №2
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-06-54
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-69-15
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Қызға қырық үйден тыйым
27
қараша
2024

Қызға қырық үйден тыйым

Мектебімізде “Даналық мектебі” жобасы аясында оқушыларымызға ұлттық құндылықтарды сіңіру мақсатында 11-сынып оқушыларына “Қызға қырық үйден тыйым” тақырыбында сыныптан тыс сабақ ұйымдастырылды. Сабақтың мақсаты: Бұрынғы салт-дәстүрді жаңғырта отырып, оқушыларға қазақ халқы тәрбиесінің маңызын, ақыл-кеңесін түсіндіру. Сабақ барысында оқушыларға адамгершілік, адалдық, қыз балалардың жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат берілді. Сонымен қатар оқушылар рухани-адамгершілік, әдептілік, имандылық қасиеттерін дамыта отырып, қазақ халқының бай мұрасымен де жақынырақ танысты.
#Біртұтас_тәрбие_жамбыл