04
желтоқсан
2024
Жас кәсіпкер
№2 орта мектебінде 15 қараша Ұлттық валюта- теңге күніне орай: «Жас кәсіпкер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында Аға тәлімгер Тұңғышбек Ақтоты Жанболатқызы дөңгелек үстел мақсаты мен Ұлттық валютамыздың шығу тарихына тоқталып өтті.
9 сынып оқушылары жас кәсіпкер ретінде кәсібін қалай бастауға, кәсіпті қалай жүргізуге болатыны жайлы өз ойларымен бөлісті
Мақсаты:
1. Төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру.
2. Рухани және тарихи құндылықтарға баулу.
3.Үнемділікке, барды қадірлеуге үйрету.
4. Өзінің де, басқа адамдардың да әрекеттерін талдай білу
5. Ортақ мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ете отырып, командада тиімді жұмыс істей білу
6. Басқа адамдардың даралығын ескере білу және өзгенің идеялары мен пікірлерін дұрыс қабылдау