28
ақпан
2025
«Жас маман» мектебінің жетекшісі М.А. Найзабаева мен тәлімгер ұстаз физика пәнінің мұғалімі Д.С.Байсалованың ұйымдастыруымен “Үштік одақ арасындағы қарым-қатынас:мұғалім-оқушы-ата-ана” тақырыбында жас мамандарға арналған оқыту семинары өтті.
Бүгін мектебімізде «Жас маман» мектебінің жетекшісі М.А. Найзабаева мен тәлімгер ұстаз физика пәнінің мұғалімі Д.С.Байсалованың ұйымдастыруымен “Үштік одақ арасындағы қарым-қатынас:мұғалім-оқушы-ата-ана” тақырыбында жас мамандарға арналған оқыту семинары өтті. Іс-шара барысында тәжірибелі педагогтер мен психологтар қатысушыларға тиімді коммуникация әдістерін, ата-анамен бірлесе жұмыс жасаудың жолдарын және оқушылардың білім алуға деген ынтасын арттыру әдістерін ұсынды. Жас мамандар топтық жұмыс, пікірталас, рөлдік ойындар арқылы практикалық дағдыларын дамытып, тәжірибе алмасты.