23
сәуір
2025
2025 жылы сәуір айында өткен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының отырысы – жас ұрпақтың тәрбиесіне, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара болды.
2025 жылы сәуір айында өткен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының отырысы – жас ұрпақтың тәрбиесіне, отансүйгіштік пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды іс-шара болды. Бұл отырыс ерекше символикалық мәні бар орында – «Анаға тағзым» рухани-адамгершілік тәрбие орталығында өткізілді.
Отырыстың басты мақсаты – ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыру, ел болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру және ата-аналар мен мұғалімдерге деген құрметті нығайту болды. Іс-шара барысында жас ұландар патриоттық әндер шырқап, ел бірлігі мен ананың қадірі жайлы баяндамалар жасады, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.Орталықтағы рухани атмосфера жасөспірімдердің бойында ізгілік, мейірімділік, аналарға деген ерекше ықыласты оятуға себеп болды.