15
қыркүйек
2025
«Бір ту астында» тақырыбында этнос жастары арасында эссе байқауы өткізілді.
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мен №2 орта мектебі директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Ж. Смадилованың ұйымдастыруымен «Бір ту астында» тақырыбында этнос жастары арасында эссе байқауы өткізілді.
Байқауға мектептің түрлі ұлт өкілдерінен құралған белсенді жасөспірімдер қатысып, Отанға деген сүйіспеншілік пен бірліктің маңызын жүрекжарды сөздермен жеткізді. Шараға қатысушылардың барлығы да өз шығармаларында елдің ынтымағы мен татулығын арқау етіп, терең ойларымен көзге түсті.
Нәтижесінде 11-сынып оқушылары Уразалиева Аделия мен Мұса Нұрилә жүлделі І орынды, Рауанқызы Зере жүлделі ІІ орынды, Ахмедова Динара жүлделі ІІІ орынды иеленді. Эссе жазып қатысқан өзге оқушылар да шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
