18
қыркүйек
2025
2025 жылғы 18 қыркүйек күні балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі #6 жұмысшы топ 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
2025 жылғы 18 қыркүйек күні балалардың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі #6 жұмысшы топ 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Топ жетекшісі Тараз қаласы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы О.В.Борисюк, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Ә.М.Даулетбаева, #2 қалалық емхана психологы Г.Б.Қалдыбаева, ардагер ұстаз Н.С.Искандерова оқушыларға кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен олардың салдары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің жекелеген баптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әр баланың болашағы, тағдыры өз қолдарында екендігін ұғындырды.
Мұндай кездесулердің жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алып, олардың азаматтық жауапкершілігі мен құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға қосар үлесі зор.
