22
қыркүйек
2025
Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Жаңа оқу жылына – жаңа бастама» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен «Жаңа оқу жылына – жаңа бастама» атты дөңгелек үстел өткізілді. Оған 8-сынып оқушылары мен Ақпарат министрлері қатысты. Іс-шара барысында жаңа оқу жылындағы негізгі бағыттар айқындалып, мектеп парламентінің жұмыс жоспары таныстырылды. Сонымен қатар оқушылардың бастамалары мен ұсыныстары талқыланып, жаңа идеяларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды. Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушыларды мектеп өміріне белсене араластыру, жауапкершілік пен ынтымақтастықты дамыту.