03
қазан
2025
1 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Дублёр күні» өтті!
1 «А» сыныбында қазақ тілі пәнінен «Дублёр күні» өтті!
Бұл күні 10 «В» сыныбының оқушылары бастауыш сынып мұғалімдерінің орнын алмастырып, қазақ тілі сабағын жүргізді. Олар кіші сынып оқушыларымен бірге әріптерді қайталап, сөздер құрап, қызықты тапсырмалар орындады.
Іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларына ұстаз еңбегінің жауапкершілігін сезіндіру, ал бастауыш сынып оқушыларына үлгі көрсету.
Оқушылар өздерін сенімді ұстап, сабақты көңілді және мазмұнды өткізді.
