10
желтоқсан
2025
№2 орта мектебінің 10–11 сыныптарындағы 102 оқушы толығымен 2025 жылғы 2-5 желтоқсан күндері интерактивті 2D-өнім – «Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» ойынына қатысты.
№2 орта мектебінің 10–11 сыныптарындағы 102 оқушы толығымен 2025 жылғы 2-5 желтоқсан күндері интерактивті 2D-өнім – «Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» ойынына қатысты. Іс-шара «Білім туралы» ҚР Заңы, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №531 (30.12.2022) және №117 (28.03.2023) бұйрықтары негізінде, цифрлық сауаттылық пен қаржылық қауіпсіздік дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Ойынның негізгі мақсаты – оқушылардың қаржылық сауаттылық туралы базалық білімін қалыптастыру, қаржылық алаяқтықтан қорғану қабілетін арттыру, жауапкершілік пен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.
Ойын мазмұны төрт модульден тұрады:
1. Қаржылық тәуекелдер – қаржы пирамидалары, дроппершілік, күмәнді табыс көздері;
2. Кибер алаяқтық – фишинг, жалған сайттар, телефон алаяқтары;
3. Психологиялық қауіптер – лудомания, эмоционалды әсер ету, жеңіл табыс иллюзиясы;
4. Қауіпсіз мінез-құлық – дербес деректерді қорғау, ресми ақпарат көздерімен жұмыс, ата-анамен кеңесу.
Ойын барысында оқушылар қаржылық ақпаратты талдау, қауіптерді анықтау, жауапты шешім қабылдау және жеке қаржылық қауіпсіздікті сақтау дағдыларын меңгерді.
Нәтижесінде білім алушыларда:
– қаржылық және цифрлық қауіпсіздік туралы хабардарлық;
– сыни ойлау, жеке жауапкершілік;
– алаяқтық схемаларын тану;
– ақпаратты талдау және бағалау дағдылары қалыптасты.
