"ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДОСТАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ӘСЕРІ" » СШ №2
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-06-54
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-69-15
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » "ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДОСТАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ӘСЕРІ"
23
желтоқсан
2025

"ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДОСТАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ӘСЕРІ"

"ҚҰМАР ОЙЫННЫҢ ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДОСТАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСҚА ӘСЕРІ"
  Бүгін  № 48,14,11,15,2,13,В.Чкалов мектептерінің ұйымдастыруымен лудоманияның  алдын-алу,білім алушылардың ойынға салауатты көзқарасын дамыту,ойынқұмарлық салдары мен зияны туралы түсініктерін дамыту мақсатында "Құмар ойынның отбасы және достармен қарым-қатынасқа әсері"тақырыбында іс-шара өтілді .
      Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар Тараз қаласы білім бөлімінің бас маманы Үкібасов Қайрат Исаұлы,Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығы маманы-Нұржанова Тоғжан Орынханқызы,М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің "Әлеуметтік психология"кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымының магистрі Абдрахманова Айгуль Турсынбаевна , "Елу жылда -Ел жаңа"қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Сүйімқұл Шарапат Батырбекқызы және қала прокуратурасының бөлім прокуроры Байтасов Жандос Сәкенұлы қатысты.Іс-шара  барысында сөз алған қонақтар құмар ойынның зияны мен оның алдын-алу жолдары туралы ақпараттармен бөлісіп,ашық пікір алмасу жүргізіп,өмірлік мысалдар келтірді.
    Іс-шара тәрбиелік маңызы жоғары болды.Іс-шара  барысында қатысушылар құмар ойындардың адам өміріне,әсіресе отбасы мен достарымен қарым-қатынасына тигізетін теріс әсерлері жайлы терең түсінік алды. Құмар ойынға тәуелділіктің отбасы ішіндегі сенімге, тұрақтылыққа және әлеуметтік байланыстарға қауіп төндіретіні нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, белсенді пікір алмасты. Бұл кездесу оқушылардың жауапкершілік сезімін оятып, салауатты өмір салтын ұстануға деген көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.