Жаңа жыл мерекесі » СШ №2
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-06-54
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-69-15
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Жаңа жыл мерекесі
25
желтоқсан
2025

Жаңа жыл мерекесі

Бүгін мектебімізде бастауыш сынып оқушыларына арналған Жаңажылдық шырша өткізілді. Шырша мерекесінде Аяз ата, Ақша қар және түрлі ертегі кейіпкерлері жиналғандардың көңілін серпілтті. Жасыл шырша айналасындағы балалардың жүздері балбұл жанып, ғажайып ертегі әлеміне енді. Мерекелік бағдарлама аясында Аяз ата мен Ақша қардың дәстүрлі байқаулары өтті. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Ертегі әлеміндегі әсем көріністер, көз тартарлықтай безендірілген жасыл шырша айналасындағы әртүрлі кейіпкерлер, сахна төріндегі балалардың көңілін көтерген ғажайыпқа толы қойылым музыкалық композициямен өріліп, дүбірлі думанға айналды. Кеш соңында барлық бала Аяз атадан "Тәтті сыйлық" алып, мәз-мейрам болып тарасты.