Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні 'Адал азамат' біртұтас тәрбие бағдарламасы және "Заң мен тәртіп" айлығының аясында "Ұлылықтың үлгісі - әке тәрбиесі" тақырыбында мектепішілік әкелер құрылтайы өткізілді. » СШ №2
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-06-54
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-69-15
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні 'Адал азамат' біртұтас тәрбие бағдарламасы және "Заң мен тәртіп" айлығының аясында "Ұлылықтың үлгісі - әке тәрбиесі" тақырыбында мектепішілік әкелер құрылтайы өткізілді.
14
қаңтар
2026

Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні 'Адал азамат' біртұтас тәрбие бағдарламасы және "Заң мен тәртіп" айлығының аясында "Ұлылықтың үлгісі - әке тәрбиесі" тақырыбында мектепішілік әкелер құрылтайы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 14 қаңтар күні 'Адал азамат' біртұтас тәрбие бағдарламасы және "Заң мен тәртіп" айлығының аясында 
 "Ұлылықтың үлгісі - әке тәрбиесі" тақырыбында мектепішілік  әкелер құрылтайы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: отбасындағы әкенің рөлін дәріптеу, әке өнегесі арқылы бала бойына адамгершілік, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік сияқты асыл қасиеттерді қалыптастырудың маңызын түсіндіру, әкелердің бала тәрбиесіне белсенді араласуын ынталандырып, отбасылық құндылықтарды нығайту, ұрпақ тәрбиесіндегі әке беделін арттыру. Құрылтай барысында мектеп директоры Д.Р.Саду сөз сөйлеп, білім беру жүйесінде ата-ананың, оның ішінде әкелердің жауапкершілігі ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Әрбір баланың тұлға ретінде қалыптасуында отбасы мен әкенің шешуші рөл атқаратынын ерекше жеткізді. Сонымен қатар ол мектеп пен отбасының өзара тығыз байланысы - балалардың қауіпсіздігі мен саналы тұлға болып қалыптасуының басты кепілі екенін атап өтіп, алдын алу тәрбиесінің маңыздылығына тоқталып өтті. Құрылтайға қатысқан спикерлер - директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Смадилова, педагог-психолог Е.В.Хегай, мектеп медбикесі Ж.Н.Усенбаева әке тәрбиесі, тәртіп, жауапкершілік, ұлттық құндылықтар мен ұрпақ болашағы туралы мазмұнды ойлар айтып, әкенің қоғамдағы рөлін арттыру бағытында нақты ұсыныстар білдірді. Құрылтай барысында видеокөрсетілім, ашық диалог алаңы ұйымдастырылып, қатысушылар әкенің отбасы, қоғамдағы рөлін талқылап, тәрбие мәселесі бойынша еркін пікір алмасты. Әкелер құрылтайы - отбасы, мектеп және қоғам арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтетін маңызды тәрбиелік алаң болды. 
@zhambyl_bilim
@taraz_bilim