Марат Құлибайұлының 50 жасына орай іс-шара ұйымдастырды. » СШ №2
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-06-54
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-69-15
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » » Марат Құлибайұлының 50 жасына орай іс-шара ұйымдастырды.
19
ақпан
2025

Марат Құлибайұлының 50 жасына орай іс-шара ұйымдастырды.

2025 жылғы 18 ақпан күні "Балалар кітапханасы" жобасы аясында #2орта мектебінің кітапхана меңгерушісі А.М.Шайдаева мен кітапханашы Р.Н.Болысбаева Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлерімен бірлесе отырып 6-сынып оқушыларымен балалар жазушысы Марат Құлибайұлының 50 жасына орай іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Жуалы ауданына қарасты Бақалы атты алақандай ауылда туып, бүгінде Әулиеата өңіріне танылған қаламгер азамат Марат Құлибайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы кең көлемді ақпарат беріп, балғын оқырмандарға жазушының "Мейірім", "Қолқанат", "Апамның аялы алақаны" атты әңгімелер жинақтары мен "Жұлдызы биік Жуалы" атты тарихи-танымдық кітабын таныстырды. Сонымен қатар мектеп оқулықтары мен түрлі республикалық жинақтарға енген бірқатар шығармаларына тоқталып өтті. Қаламгердің азаматтық қырларына, оның ішінде, қарапайымдылығына жеке тоқталып, жазушының өзі қандай қарапайым болса, балаларға арналған шығармаларының да тілі жатық, мағынасы өте түсінікті әрі оқуға жеңіл екендігін баса атап өтті.  Іс-шара соңынан оқушылар арнайы ұйымдастырылған кітап көрмесін тамашалап, алған жағымды әсерлерімен бөлісті. Өз қатарластарын кітап оқуға шақырып, бос уақыттарын рухани азық алуға арнауларын айтты.