28
наурыз
2024
1 сәуірде #2орта мектебінде бірінші қазақ және орыс сыныптарына құжаттар қабылдау басталады.
1 сәуірде #2орта мектебінде бірінші қазақ және орыс сыныптарына құжаттар қабылдау басталады.
Биыл 1-сыныптарға өтініш қабылдау 2024 жылдың 1 сәуірі мен 31 тамызы аралығында жүзеге асырылады.
Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы немесе қағаз түрінде тапсыра алады.
Бірінші сыныптарға даярлық деңгейіне қарамастан білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балалардың қолжетімдігі қамтамасыз етіле отырып, 6 жастағы және күнтізбелік жылда 6 жасқа толатын барлық балалар қабылданады.
Балаларды мектепке қабылдау төмендегі құжаттардың негізінде жүргізіледі:
1. Ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші.
2. Жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат.
3. "Профилактикалық екпелер картасы" N065/у нысанды және "Бала денсаулығының паспорты" N 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар.
4. Баланың 3×4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуреті.
Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
