Бүгін 13.03.2024 жылы сағат 13:00де, №2 орта мектеп ұжымы педагогтарды аттестаттаудың жаңа «Шебер ұстаз-табысты оқушы» жобасын таныстыру мақсатында мектеп ұжымымен жиналыс өткізілді. » СШ №2
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№2 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 43-06-54
Есепші бөлімі:
+7(7262) 43-69-15
Нашар
көрушілер нұсқасы
» » Бүгін 13.03.2024 жылы сағат 13:00де, №2 орта мектеп ұжымы педагогтарды аттестаттаудың жаңа «Шебер ұстаз-табысты оқушы» жобасын таныстыру мақсатында мектеп ұжымымен жиналыс өткізілді.
13
наурыз
2024

Бүгін 13.03.2024 жылы сағат 13:00де, №2 орта мектеп ұжымы педагогтарды аттестаттаудың жаңа «Шебер ұстаз-табысты оқушы» жобасын таныстыру мақсатында мектеп ұжымымен жиналыс өткізілді.

Бүгін 13.03.2024 жылы  сағат 13:00де, №2 орта мектеп ұжымы педагогтарды  аттестаттаудың жаңа «Шебер ұстаз-табысты оқушы» жобасын таныстыру мақсатында мектеп ұжымымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа барлығы  68 мұғалім қатысты. Мектеп директоры- Саду Дина Рахметуллақызы  педагогтерді аттестаттаудың жаңа жобасымен таныстырды. Мұғалімдер тарапынан сұрақтар қойылып қанағаттанарлық деңгейде жауаптар алынды. Жоба барысында аттестаттау комиссиясы жылына бір рет  шешім  қабылдайтындығын, сонымен қатар екінші, бірінші, жоғары санатты педагог аттестаттаудың қолданыстағы форматына көшетіндігін (мектеп педагогтері  жаңа форматқа ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін; басқа білім беру ұйымдарының педагогтері  2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін ауысатындығын) айтты.  Мектеп директор орынбасарларының да ПББ өтетіндігі туралы хабарлады. Уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар үшін, декереттік демалысқа шыққан тұлғалар үшін, білім беру ұйымдарынан Министрлікке,білім басқармасына, әдістемелік кабинеттерге ауысқан педагогтар үшін  санаттың қолданыс мерзімі 1 жылдан 2 жылға дейін ұзартылатындығын, ПББ тестінің тәртібін бұзған жағдайда аттестаттауға қатысуға тыйым салу мерзімі 5 жылдан 1 жылға азайтылатындығын, пәндік білім, оқыту әдістемесі- 50 сұрақтан құралғандығы айтылды. Аттестатталатын педагог іс-әркетінің қадамдары: (1.-ППБ тапсыру, 2.-материал жинау, 3.-өтініш беру, 4.-сарапшылық комиссия қарауы, 5.-аттестаттау комиссиясының шешім шығаруы (кезекті аттестаттаудан өтіп жатқан педагогтер үшін 2024 жылғы 30 тамызға дейін, ескі форматтан қолданыстағы форматқа ауысып жатқан педагогтер (I, II, жоғары санат) үшін 2024 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін өтетіндігін айтып жобамен таныстырды.