09
қаңтар
2023
Саду Дина Рахметуллақызы

1971 жылғы 30 қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келді. 1978 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласындағы КПСС ХХІІ съезі атындағы қазақ орта мектебінің 1 сыныбына барып, 1988 жылы аталған мектепті медальмен бітіріп шықты. Еңбек жолын 1988 жылы Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Ақтоғай елді мекеніндегі С.Ордженикидзе атындағы сегізжылдық мектепте неміс тілі пәнінің мұғалімі ретінде бастады. 1989-1995 жылдары Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институтында қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша оқыды. 2007 жылы «Тараз» институтын кәсіптік оқыту мамандығы бойынша бітірді, жоғары санатты технология пәнінің мұғалімі.
Дина Рахметуллақызы 1998-2002 жылдары Тараз қаласындағы №42 орта мектепте орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 2002-2004 жылдары Қазақ – Американдық мемлекеттік емес арнайы бағдар «Мақсат» мектебінде директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, «Өркениет» жекеменшік мектебінде директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2004-2006 жылдары Тараз қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №49 орта мектепте кәсіптік оқыту және технология пәнінің мұғалімі, 2006-2007 жылдары Ы.Алтынсарин атындағы №49 мектеп-гимназияда директордың құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі орынбасары, 2007-2010 жылдары директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, 2010-2015 жылдары А.Гайдар атындағы №35 орта мектептің директоры, 2015 жылғы 21 тамыздан бастап бүгінгі күні Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектептің директоры қызметін атқарып келеді. 2023 жылдың 05 қаңтарынан бастап №2 орта мектептің директоры.